Антикор экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын сотқа бермек

Бұған дейін экс-министр сотта мәлімдеме жасаған болатын


06/06/2023
11:05 17302 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз қызметкерлерінің "«Дипломат»  қонақ  үйін рейдерлікпен тартып алып, үшінші тұлғаға беруге мәжбүрледі" деген экс-министрдің сотта жасаған мәлімдемесімен келіспейді.

 

Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған дейін сот отырысында жемқорлықпен күрес қызметкерлері «Дипломат» қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды төлеуге мәжбүрледі деген.

 

– Мұхамедиұлына 221 миллион теңге жымқырды деген айып тағылып, жиналған дәлелдер расталды. Енді бұған қорытынды бағаны сот береді. Ал «Дипломат» қонақ үйіне қатысты айыптаулар бөлек сот ісі ретінде қарастырылады, – делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

 

Антикор Мұхамедиұлының бұл әрекетін «сот пен халықты шатастыру арқылы тағылған жауапкершіліктен жалтару» деп санайды. Осыған байланысты агенттік «жала жабу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе қарастырылып жатқанын хабарлады. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/06/2023 11:05
17302 0

Уведомление